"Қарызсыз қоғам": Жобаның ережелері белгілі болды

20 Наурыз 2024, 06:31
646
Бөлісу:
"Қарызсыз қоғам": Жобаның ережелері белгілі болды
Фото: gov.kz

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде "AMANAT" партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасының барысы туралы партияның қалалық филиалы Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Мұхаммед Болысбек пен тәлімгер, қаржы сарапшысы, бизнес-тренер, жаттықтырушы Зульфия Бадееваның қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

"AMANAT" партиясы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру мақсатында 2023 жылдан бастап "Қарызсыз қоғам" білім беру жобасын іске асыра бастады. Партияның аймақтық жобалық кеңсесінің негізінде Жобаның жобалық кеңсесі құрылып, жұмысын бастаған. Жоба негізгі алты бағыт бойынша іске асырылып келеді. Олар: «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын масштабтау бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою, жобалау командаларын құру, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешегін реттеу, жұмыспен қамту және бизнес жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру, заңнаманы жетілдіру.

Астана қаласы бойынша осы жылы 9300 азаматты қаржылық сауаттылыққа оқыту жоспарланған. Оқу тегін негізде бес күнге созылады. Курс кірістер мен шығыстарды жоспарлау, кредиттерді өтеу және тәуекелдерді басқару, жинақ ақшаларын қаржы құралдарына сауатты салу бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Интернет алаяқтықтан қорғану, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерінен өту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілетін болады. Барлық ниет білдірушілер өз ісін ашу және жұмыспен қамту үшін бизнес-жоспар жазу бойынша дағдыларға үйренеді. Жоба аясында қатысушылар білікті заңгерлердің көмегін ала алады.

Оқыту курсын өткен қатысушылар: кірістер мен шығыстардың есебін дұрыс жүргізуді, қаржы нарығы жұмысының қағидаттарын, қаржы институттарының функцияларын, олар ұсынатын қаржылық қызметтер мен өнімдер, тәуекелдер мен кірісті, пайыздық мөлшерлемелерін дұрыс пайдалануды, кредит бойынша өтеу кестесін кірістердің түсу кезеңін ескере отырып қалай жоспарлауға болатынын, ипотекалық шарттың ерекшеліктерін ескеруді үйренеді. Сонымен қатар неліктен кредиттік тарихтың жақсы болуы маңызды екенін, қандай жағдайларда кредиттерді қайта қаржыландыру қажеттілігі туындайтынын, қор нарығы қандай инвестициялық құралдарды ұсынатынын, сақтандырудың маңыздылығын, пайдасы мен қолжетімділігін, Қазақстанда кепілдік беру жүйесі қалай құрылғанын, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктерін және банкроттық тетігі туралы біледі.

Оқыту бағдарламасы қарыздан құтылғысы келетін тұрғындарға, студенттер мен жас отбасыларға және кәсіпкер болуға ұмтылғандарға ұсынылады. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар жеке қаржы мен отбасылық бюджетті жоспарлай алатын болады. Кәсіпкерлер қаржылық сауаттылық пен қаржылық модельдеу құралдарын пайдалана алады.

Өзгелердің жаңалығы