Бұл туралы Дархан Қыдырәлі ілеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ардақты ағамыздың иманы жолдас болсын! Ағалы-інілі араласып едік. Таяуда ғана туған бауыры Ерсұлтаннан жағдайын сұрап едік. Айығып кетер деген үміт басым еді, тағдырға шара жоқ… Қазақ журналистикасы мен сатирасына үлкен еңбек сіңірген, сахнада да өзіне тән әзіл-сықағымен көрерменін баурап алған көрнекті қаламгердің әлі де берері мол еді, -дейді ол.
Ол Көпен Әмірбек ағаның «АраШмель» және «Ара.кз»журналы, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» және «Айқын» газеттерінде өнімді еңбек еткенін, Ұлттық арнада, «Хабарда», «Тамаша» ойын-сауық отауында оның қаламынан шыққан туындылар жоғары бағаланатын айтып өтті.
Қоғамдағы олқылықтар мен орынсыз істер, Абай айтқандай ызаланып күлуге тиіс жағымсыз жайттар Көпен ағаның назар-нысанасынан тыс қалған жоқ. Шығармашылық адамының шын бақыты – өндіре жазу, оқырманын ояту, сезіміне әсер ету болса, Көпен Әмірбек бұл тұрғыда өлмес туындылары мен кейіпкерлерін қалдырып кетті. Бақұл болыңыз, сатира саңлағы...,-деп қайғыра жазба қалдырды ол.