Қарулы күштердің жеке құрамы Абай облысындағы төтенше жағдай салдарын жоюда

10 Маусым 2023, 23:52
1133
Бөлісу:
Қарулы күштердің жеке құрамы Абай облысындағы төтенше жағдай салдарын жоюда
Фото: gov.kz

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қарулы күштер бөлімшелерінің іс-қимылын және апат аймағында басқа ведомстволармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды жеке өзі үйлестіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жағдайды зерттеу, аса қауіпті аймақтарды анықтау және өртке қарсы іс-шараларды одан әрі жоспарлау мақсатымен Қорғаныс министрі өрт шалған аумақтың үстімен ұшып өтті.

Тілсіз жауды ауыздықтауға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 300-ден астам әскери қызметшісі жұмылдырылды, 30 бірлік арнайы әскери техника тартылған. Әскери қызметшілер бөгет салып, аумақты жыртып жалынды оқшаулау шараларын қабылдап жатыр. Армиялық авиация экипаждары тікұшақтарда 400 тоннадан астам су төкті .

Бородулиха ауданына жөнелтуге дайындықта 500-ден астам әскери қызметші және 30 бірлік техника дайын тұр. 200 адамнан тұратын қосымша резерв құрылды.

Өртке қарсы іс-шараларға тартылған әскери қызметшілер ауысыммен жұмыс істеуде. Олар қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Уақытылы тамақтанып, демалуға бар жағдай жасалған.

Қарулы күштердің жеке құрамы өрттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауда.

Өзгелердің жаңалығы