Қарулы күштердің әскери қызметшілері  референдумға қатысты

5 Маусым 2022, 16:16
1371
Бөлісу:
Қарулы күштердің әскери қызметшілері  референдумға қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тұрғылықты жеріндегі сайлау учаскелерінде дауыс берді. 

 

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлайды.

Қарулы күштердің әскери қызметшілері  референдумға қатысты

Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының курсанттарына әскери бөлімдер мен мекемелердің аумағында өз дауысын беру мүмкіндігі берілді.Әскери бөлімдер мен госпитальдардағы сайлау учаскелері осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған.

Қарулы күштердің әскери қызметшілері  референдумға қатысты

Республикалық референдум – халықтың өз еркін білдіруінің ең демократиялық тәсілі. Оның еліміз үшін тарихи маңызын айтып жеткізе алмаймын. Биыл 18 жасқа толдым. Мен әскерде алғаш рет дауыс беруге қатысып тұрмын. Әрбір дауыс Қазақстандағы тұрақтылыққа ықпал ететініне сенімдімін. Сондықтан референдумға қатысуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін,–деді Жамбыл облысынан алматылық десанттық-шабуыл құрамасына шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Ерсұлтан Досбол.

Қарулы күштердің әскери қызметшілері  референдумға қатысты

Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумда барлығы 130 мыңнан астам әскери қызметші, Қарулы күштердің азаматтық персоналы мен олардың отбасы мүшелері дауыс берді.

Өзгелердің жаңалығы