Қарулы күштердің арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтті

16 Наурыз 2023, 17:05
911
Бөлісу:
Қарулы күштердің арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтті
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Наурыз ұлттық мерекесі қарсаңында Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының, Бас штабы және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Чемпионатқа 68 әскери және азаматтық қызметкерлер қатысты. 

XIII спартакиада аясында өткізіліп жатқан чемпионатқа 50-ден аса командадан 100-ге жуық әскери қызметкер қатысты. Екі топқа бөлінген жарысқа 1-топта 21 команда бақ сынаса,  2-топта 12 команда өзара мықтыны анықтады.

Қарулы күштердің арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтті

Бірінші топ жеңімпаздарына арнайы медаль мен алғыс хаттар табысталды. Қыздар арасындағы бәсекеде кіші сержант Дәуренгүл Нұрланқызы жеңімпаз атанып, 1-орынға ие болды. Екінші орынды майор Әтіргүл Айтбаева иеленсе, үшінші орынды қатардағы жауынгер Мөлдір Орынғажиева алды. 

Қарулы күштердің арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтті

Ал, ерлер арасындағы бәсекеде 1-орынды 3 сыныпты сержанты Шалқар Ильясов алса, 2-орын подполковник Оспан Сыздықовқа, 3-орын подполковник Руслан Достановқа бұйырды. 

Наурыз мейрамы қарсаңында өткізіліп жатқан чемпионатқа қатысуышлар арасында қырғыз және үнді елінің қыз-жігіттері  да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  үнді елінен қатысып жатқан қатысушы тоғызқұмалақты 5 күннің ішінде үйреніп алған. 

Қарулы күштердің арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтті

Бірінші топта департаменттер арасында өтсе, екінші топта бас басқармалар, басқармалар және әскери бөлімдер мен мекемелер арасында өтіп жатыр. Чемпионаттың ерекшелігі Ұлттық қорғаныс университетінің Үндістан және Қырғызстан елінің өкілдері қатысып жатыр. Тоғызқұмалақ ойынын екі елдің өкілдері де жақында ғана үйренген. Бір аптадан енді ғана асқан. Қазіргі таңда жақсы нәтиже көрсетіп отыр, - дейді подполковник Асан Нартаев.

Жыл сайын өтетін спартакиада аясында әртүрлі спорт түрінен чемпионат өтеді. 

Қарулы күштердің арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтті

Тоғызқұмалақты 2011 жылдан бастап ойнап келе жатырмын. Сол жылы Қарулы күштер арасында  тоғызқұмалақтан бірінші рет жарыс өтті. Ойынды бір аптаның ішінде үйреніп алдым. Қиын болған жоқ. Тек қарсыласыңның ойынын жақсылап қарап отыру керек. Есепке жақсы болсаң жеңу қиын емес. Бұрын өзім шахмат ойнағам. Сондықтан құмалақтарды есептеу кезінде қиналмаймын. Әзірге қарсыластарымды жеңіп келе жатырмын. Ойын өте қызық, - дейді 14776 әскери бөлімінің аға-офицері Замира Бекмұратова

Өзгелердің жаңалығы