Қарулы Күштерде әскерилердің мамандық бойынша даярлығы өтуде

25 Маусым 2020, 17:47
1868
Бөлісу:
Қарулы Күштерде әскерилердің мамандық бойынша даярлығы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазғы оқу кезеңінің басталуымен Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің әскери дайындық бағдарламасының маңызды және негізгі кезеңдерінің бірі болып табылатын мамандық бойынша оқыту өткізілуде.

Бұл туралы "Батыс" өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Батыс" өңірлік қолбасшылығында жазғы оқу кезеңінде 2000-ға жуық маман даярлау жоспарланған. Осы мақсатта 177 оқу топтары құрылып, 370-тен астам ең мықты әскери қызметкер қатарынан нұсқаушылар тартылды.

Оқыту процессіне жеке құрамның лауазымдарының көлеміндегі функционалдық міндеттерін, қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін үйрету кіреді.

IMG_9310.jpg

Мамандарды даярлау процесі қатаң түрде олардың әскери мамандықтарына сай ұйымдастырылған. Оқыту үрдісіне шамамен 90% жеке құрам жұмылдырылды. Барлық әскери бөлімде тиісті материалдық-техникалық база бар. Сабақ жетекшілері оқытудың әртүрлі әдістерін қолданады. Оның ішінде әскерде қалыптасып қалған "қарапайымнан күрделіге", "айтып беру, көрсету, жаттығу жасау" және "мен сияқты жаса" әдістерінен басқа, кейбір командир шығармашылық әдістерге де жүгінеді. Бастысы, материал игерілу тиісті, - дейді "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлің дайындық бойынша орынбасары полковник Жеңіс Маралов.

Мамандық бойынша қолданыстағы оқу бағдарламаларында 100-ден астам оқу сағаты қарастырылған. Сабақ барысында жеке құрамның қару-жарақ пен әскери техниканы іс жүзінде қолдануына, стандартты байланыс құралдары мен алғашқы көмек көрсету құралдарында жұмыс істеу қабілетіне ерекше көңіл бөлінеді. Дайындық аяқталғаннан кейін оқу материалын игеру деңгейін анықтау үшін негізгі оқытылатын пәндер бойынша бақылау сабағы оқытылған әскери қызметкерлермен өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы