Қорғаныс ведомствосының барлық әскери бөлімдерінде жауынгерлік дайындық сабақтары өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған Қарулы күштердің жеке құрамы толық тартылып отыр. Негізгі мақсат - жауынгерлік әзірліктің түрлі деңгейін енгізу кезінде әрбір әскери қызметшінің іс-қимыл тәртібін пысықтауға арналған.
Әскерлердің тұрақты орналасу пункттерінде, полигондарда, әуе айлақтарында, бастапқы позицияларда және теңізде жүктелген жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мәселелері іс жүзінде пысықталып жатыр.
Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерінің ықтимал қауіп-қатерлерге ден қою дайындығын тексеру мақсатымен әскери-көліктік авиация ұшақтарымен белгіленген ауданға жеткізу жүзеге асырылды.
Барлық іс-шаралар жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен өзара тығыз іс-қимылда өткізіліп жатқанын айта кету керек.
Сабақтар жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әрбір әскери қызметшінің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.