Елімізде әскери дәрігерлердің кәсіби мерекесі үшінші жыл қатарынан атап өтіліледі. Бұл күн Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде кәсіби және естелік күндерді бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Әскери-медициналық басқармасының құрылғанына 31 жыл толды.
Әскери дәрігер мамандығы әскери қызметшілер арасында жоғары бағаланады. Өйткені армияға әрқашан жан-жақты білімді мамандарды ғана емес, сонымен қатар білгір хирургтар да қажет. Ақ халатты офицерлер кейде далалық жағдайда күрделі хирургиялық операциялар жасауға мәжбүр.
Әскери дәрігер қолына қару алып соғыспаса да, көптеген қарапайым жауынгерлердің өмірін сақтап қала алады. Әскери дәрігерлер жаралыларды ұрыс даласынан алып шығып, жарақаттардың ауырлығын анықтайды, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Бұның көбі қарсыласпен ұрысқа қарамастан жасалуы керек. Өйткені, әскери-далалық медицина жауынгерге мүмкіндігінше тезірек көмек көрсетуге негізделген. Мәселен, турникетті қолдану, ауырсынуды басу және жаралыны тылға жіберу, - делінген хабарламада.
Сондықтан әскери-медициналық мамандар қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен барынша қамтылған, оның себебі сарбазды аман қалып, оның қызметке оралуы үшін алған жарақат жылдам әрекеттенуді және дұрыс емдеуді қажет етеді.
Қорғаныс министрлігінде әскери-медициналық бөлімшелерді заманауи медициналық техникамен жарақтандыру, кадрлық қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері әрқашан ведомство басшылығының бақылауында. Әскери-дәрігерлік персоналдың кәсіби біліктілігін жетілдіру үнемі назарда. Нәтижесінде гарнизондарда медициналық қызметтердің сапасы артып келеді.
Бүгін әскери дәрігерлерге құрмет көрсетілуде, олар – кәсібилігі, батылдығы, пациенттерге көңіл бөлуі және қамқорлығы үшін қашанда мадаққа лайықты жандар.