Әскерге күзгі шақыру барысында еліміздің Қарулы күштері 19 мыңнан аса сарбазбен толығады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Мұны Қорғаныс министрлігі департаментінің бастығы Бауыржан Артықов мәлімдеді. Ол сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен бөлісті.
Қазіргі уақытта мерзімді қызмет сарбаздарына, кредиттік демалыс беру шаралары қолға алынған. 5 мыңнан аса азаматтың, несиелік төлемдері кейінге қалдырылды.
Және борышын өтеген сарбаздарға 70-тен астам жоғары оқу орнында, қосымша жеңілдіктер қарастырылған.
Азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Қазіргі әскери шақырудың ерекшілігі ол ашықтылықтың артуы. Қазіргі уақытта тұрғылықты орын ауыстыру кезінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке қоюды және әскери есептен алуды автоматты режимде жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды ҚР Қарулы Күштері бас штабы департаментінің бастығы Бауыржан Артықов.