Қаруланған: Өзін әуежай қызметкері ретінде көрсетіп, ұшаққа мінген жасөспірім ұсталды

8 Наурыз 2025, 08:28
627
Бөлісу:
Қаруланған: Өзін әуежай қызметкері ретінде көрсетіп, ұшаққа мінген жасөспірім ұсталды
Фото: pixabay.com

Австралияның Мельбурн қаласында 17 жастағы тұрғын ұшақ бортына қару-жарақпен кірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Guardian басылымы таратқан мәліметке сәйкес, қаруланған жасөспірім әуежай қызметкерінің формасын киіп, қорғандағы саңылау арқылы ұшу жолағына өтіп кеткен.

Одан соң ол Сиднейге бағыт алған ұшақтың бортына көтерілген.

Ұшақта 160 жолаушы болғаны анықталды. Жасөспірім қаруын жасырмастан ішке кіргендіктен, жолаушылар оның қаруланғанын байқап қалған. Үш адам жасөспірімнің қолын қайырып, полиция шақырды.

Тәртіп сақшылары тәртіп бұзған австралиялықты ұстады.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Еске салайық, Алматы әуежайында ер адам қызметкердің бірін кепілге алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы