Қару мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарының тобы ұсталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті.&nbsp;</h4>

 7 Тамыз 2019 2019, 15:58
7 Тамыз 2019 2019, 15:58
2233

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«2019 жылдың 25 шілдесінде ҚР ҰҚК 4 қызметінің 5 департаменті және ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлескен өзара іс-қимылда арнайы операция өткізіліп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» іс бойынша өтетін тұлғалар ұсталды», - делінген хабарламада.

Заңсыз айналымнан 7 «Калашников» автоматы және 2 «Макаров» тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынды.

қа.jpg

Ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Наверх