Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды. 8 адам қаза тауып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17 қарашада Чапай – Жаңақала – Сайқын автожолының 50-ші шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері бетпе-бет соғылған. Соқтығыстан кейін көліктердің бірі өртенген.
Жол апаты салдарынан сегіз адам оқиға орнында қаза тапты, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам – бір жүргізушінің қарсы бағытқа шығуы, - деп жазылған ПД хабарламасында.
Жол-көлік апатының барлық себептері анықталуда.