Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының білім бөлімі ғимаратының алдына Ахмет Байтұрсынұлының тасқа қашалған бейнесі қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тастұғыр өте тартымды әрі қанық етіп жасалынған. Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан басшысы Ерлан Бейсембайұлы Құсайын, есркеткіш авторы Манарбек Кәрім, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер ұстаз Мейірхан Қасымжанұлы сөз сөйлеп, жиылған қауымды осындай игі шарамен құттықтады.
Манарбек Әзімбекұлына ерекше алғысымды білдіргім келеді. О кісінің қолынан шыққан өнер туындылары тек ғана біздің Қарқаралыда ғана емес Қарағандының төрінде тұрғаның жақсы білесіздер. Нағыз ұлтқа қызмет, елге қызмет деп мен осыны айтар едім,- деді шебердің жұмысына ерекше риза болған аудан әкімі Ерлан Бейсембайұлы.
Сондай-ақ,шара барысында өзінің толғанысымен, ризашылығымен шебер Манарбек Кәрімде бөлісті.
Ескерткіш үшін тасты Қарқаралы қаласының Батыс жағында орналасқан Қорғантас тауынан қолдандық. Оны жеткізуге Қарқаралы қаласының кәсіпкері, өз туған жерінің жанашыры Болат Ахманов әр іске қол ұшын беріп, көмегін көрсетіп отырады екен. Монументтің ені - 2,2 метр, биіктігі 4,3 метр. Оның салмағы шамамаен 5 тонна. Тұтас тастан қаланған ескерткіш. Алғашында мен кішігірім аудандық мұрағатқа петроглифтер салдым. Маған ұлым көмектесетін, қазір ол әскерде. Ол суреттерді салатын, мен тасқа қашаумен айналысатынмын. Бұл жолы бәрін жалғыз өзім жасау оңайға соққан жоқ,- дейді Ақаңдай ерекше адамның тұлғалық болмысын қара тасқа қашап салған майталман шебер Манарбек Кәрім.
Шебердің бұл бірінші туындысы емес. Бірнеше туындының авторы бұған дейін биылғы жылы дәл осындай туындыны Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай Қарағанды қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы гимназияға сыйға тарту еткен болатын. Манарбек Кәрім бұдан басқа Қарқаралыдағы Абай тоқтаған үйге Абайдың, Ботақара кентіндегі мәдениет үйінің ауласына Бұқар жыраудың, Қарағанды қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназияға Абайдың ескерткіштерін сыйға тарқан.
Игілікті шара өткен күні Нұркен мен Бүркітті елді мекендерінің балалары үшін жағымды жаңалық болды. «Балалар жылы» аясында және «Мектепке жол» акциясы шеңберінде облыс мектептерінің автобус паркі жаңартылып, аталған 2 елді мекенге жаңа 2 автобус берілді. Автобустардың кілттерін аудан әкімі табыстады.
Бұдан былай ірі ауылдық жерлерге іргелес орналасқан ауыл балалары енді сабаққа уақыты, қауіпсіз тасымалданады. Ең бастысы көптеген облыстық мәдени іс-шараларға, спорттық жарыстарға, ғылыми жобаларға, олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік алады.