Қарлы боран: Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күні жоспарланған 84 ұшып шығу рейсінің 6-уы кешіктірілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 Наурыз 2025 2025, 13:28
 Архив BAQ.KZ 10 Наурыз 2025 2025, 13:28
10 Наурыз 2025 2025, 13:28
960
Фото: Архив BAQ.KZ

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күні жоспарланған 84 ұшып шығу рейсінің 6-уы кешіктірілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл кешігулер қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты әуе кемелерінің кеш келуінен туындаған. Сондай-ақ, 86 келу рейсінің 8-і кешіктірілген.

Әуежайдың онлайн-таблосына сәйкес, сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Ақтөбе мен Алматыға ұшып шығу рейстері кешігуде. Алматы, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Ақтаудан келетін рейстер де кешіктірген.

Соған қарамастан, Астана әуежайы қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында перрон мен ұшу-қону жолағы үнемі тазартылып отырады. Аэродромның үздіксіз жұмыс істеуі үшін 23 арнайы техника бірлігі жұмылдырылған.

Наверх