Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

20 Қазан 2022, 18:23
998
Бөлісу:
Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиында Мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесінде дайындалған заңнама бағытындағы негізгі ғылыми тұжырымдар мен ұсынымдар қаралды.

Отырыс барысында ғалым-сарапшылар іздестіру экспедициясы мен зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін таныстырды.

Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Әділет министрлігінің және Президент Архивінің басшылары мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру және заңнамаға ұсыныстар әзірлеу барысы жайында баяндады.

Отырыс қорытындысы бойынша заңнамалық базаны жетілдіруге, баспа қызметін дамытуға және Мемлекеттік комиссияның архивтік материалдарын жүйелеу жұмыстарын жалғастыруға қатысты тапсырмалар берілді.

Өзгелердің жаңалығы