Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттiк хатшысы Ерлан Қарин «Хабар 24» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді. Ерлан Қарин ақпараттық кеңістікте радикалды идеологиямен күрес туралы пікір білдірді.
Жағдай басталғаннан бері ақпарат беру жолдары өзгерген жоқ. Шын мәнінде билік алғашқы күннен бастап-ақ ашық әрі серпінді түрде ақпараттық саясат жүргізді. Өкінішке қарай, керісінше біз бірінші күннен бастап ашық ақпарат шабуылына тап болдық. Желіде фейк жаңалықтар мен дезинформациялық мәліметтер көбейіп кетті. Олар әлі де жалғасып жатыр. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарыны жағдайды тұрақтандыру үшін өз жұмыстарын істеуде. Алайда оларға көбінесе ақпараттық шабуылдарға назар аударуға тура келді, - деді ҚР Мемлекеттiк хатшы.
Қариннің сөзінше, қазіргі таңда мемлекеттік органдар ашық әрі нақты ақпарат беру көзіне көшкен.
Бас прокуратура дер кезінде таратқан мәліметтерінің арқасында көпшілікке дұрыс бағдар берді. Жалған ақпараттық шабуыл әлі тоқтаған жоқ. Біздің ішкі дезинформациялық ақпарат тарататын көздеріміз бар. Сондай-ақ сыртқы шабуыл күштері бар екенін ескерген жөн. Сол себепті оларды шектеуге күш көп кетті. Расымен, біз белгілі бір дәрежеде толқынды бұра алдық, - деді Е.Қарин