Қарин: Пікір плюрализмі болғаны дұрыс, бірақ радикализмге жол жоқ

21 Мамыр 2022, 09:47
2543
Бөлісу:
Қарин: Пікір плюрализмі болғаны дұрыс, бірақ радикализмге жол жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан саясаттанушыларының X Конгресінде Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин осылай деді.

Біз ауқымды саяси жаңғыру кезеңіне аяқ бастық, яғни саяси белсенділікпен қатар жалпы популизмнің өсуі байқалатын болады. Өкінішке орай, біз қазірдің өзінде кейбір қайраткерлердің өте қауіпті радикалды, кейде тіпті агрессивті риторикаға жол беретінін көріп отырмыз. Сондықтан, тұтас алғанда, қоғамда бірқатар сезімтал мәселелерді - этносаралық, тілдік мәселелерді саясаттандыруға жол бермеу туралы түсіністік, белгілі бір уағдаластық орнығуы тиіс. Гуманитарлық ғалымдар мұндай салаларды саясаттандырудың қаншалықты қауіпті екенін жақсы біледі. Қазіргі жағдайда жеңіл және жауапсыз пікірталастар арқылы туындайтын әртүрлі қоғамдық қайшылықтардың пайда болу ықтималдығы артады. Сондықтан сарапшылар қауымдастығының міндеті өткір және сезімтал тақырыптарды саясиландыру әрекеттерін тоқтату. Әрқашан есте сақтайтын жайт: пікірлердің плюрализмі болғаны дұрыс , бірақ радикализмді қатаң түрде тоқтату керек, - деді Ерлан Қарин.

Өзгелердің жаңалығы