Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партия фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді.
Кездесуге «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» ХДПП фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда көтерген бастамалары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады.
Мемлекеттік кеңесші Президенттің жаңа бастамаларын орындау үшін заңнамалық тұрғыдан қолдау қажет екенін, жалпы, бұл іске депутаттық корпустың белсенді араласуы керектігін атап өтті.
Өз кезегінде Парламенттегі фракциялар жетекшілері жаңа жалпыұлттық бағыт-бағдарға қатысты өз ұсыныстарын айтты.