Қаражаты мықты топтардың идеологиясы алма-кезек ауысып жатыр. Алаштанушы қоғам туралы

31 Мамыр 2023, 12:48
2756
Бөлісу:
Қаражаты мықты топтардың идеологиясы алма-кезек ауысып жатыр. Алаштанушы қоғам туралы
Фото: Данияр Исханның мұрағатынан

Идеологиясы мығым мемлекеттің ішкі иммунитеті мықты болады. Кеңес үкіметі тұсында Алаш қайраткерлерінің есімін атауға, шығармаларын оқуға тыйым салынды. Бертін келе есімдері ақталса да, мол мұралары бүтінделіп, түгенделмеді. Филолог әрі алаштанушы Данияр Ихсан Алаш идеясының мәні неде екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

- Алаш зиялылары туралы зерттеуге оны тереңірек қарауға не түрткі болды? Осы уақытқа дейін қандай жобаларды іске асыруға атсалыстыңыз?

Мектеп кезінен бастап Алаш қайраткерлері туралы ғылыми-зерттеу жүргізіп, байқауларға қатыстық. Кейін келе Елдос Тоқтарбай, Ұшқын Сәйдірахман, Заңғар Кәрімхан ағаларымыз негізін салған Qyr balasy қоғамдық қорына қабылданып, Алаш қайраткері Ғазымбек Бірімжанды негізгі зерттеу объектісі ретінде алып, бүгінгі күнге дейін зерттеп, зерделеп келеміз. Қазіргі таңда қор жанынан құрылған Ә. Бөкейхан атындағы «Алаш» ҒЗИ директорының орынбасары болып тағайындалдық. Беймәлім Алаш ақсұңқарларын зерттеуді басты мақсат еткен қор мен институт күні кеше Қостанай қаласында өткен Сейдәзім Қадырбайұлына арналған халықаралық конференцияны абыроймен өткізді. Оған дейін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Алматы мен Анкара қалаларында конференция ұйымдастырған болатын. Енді 31 мамыр күніне орай Қарқаралыда үлкен жиын өтеді. Біздің басты мақсатымыз - Алаш тұлғаларын таныту, кітабын шығару және қоғам арасында насихаттау, дәріптеу. Ал оның түрлі жолдары бар. Біз қолымыздан келгенше жан-жақты қарастырып, танытып келеміз. Сол себепті Qyr balasy қоры ұрпақ тәрбиелеу, жаңа тарихты жазу жолында үздіксіз еңбек етіп келеді.

- Зиялыларымыз ұстанған идеяның мәні не? Сіздің ойыңызша қоғамды не біріктіреді?

Идеологиясы мығым мемлекеттің ішкі иммунитеті мықты болады. Кеңес үкіметі тұсында Алаш қайраткерлерінің есімін атауға, шығармаларын оқуға тыйым салды. Бертін келе есімдері ақталса да, мол мұралары бүтінделіп, түгенделмеді. Қазіргі таңда бұрынғыдай емес, Алаш тұлғаларын білетіндердің қатары көбейген. Бұл бізді қуантады. Алаш зиялыларының арманы - қазақ халқының өз алдына жеке мемлекет болуы. Осы жолда халықты сауаттандырып, ұлтқа адал қызмет етті. Осы жолда шаһит кетті. Бүгінгі күні Алаш қайраткерлерінің арманы орындалды. Еліміз тәуелсіздік алды, шекарамыз айқындалды. Бізді сөзсіз, білім біріктіреді. Бір тақырып жөнінде ой алмасу үшін білімді болу керек. Алаш қайраткерлерінің көбі білімі жоғары, сауатты болды. Бірін-бірі айтқызбастан түсінді.

 - Біз Алаш идеясынан қандай үлгі алып, бойымызға сіңіруіміз керек?

Екіншісі, ұлтқа адал қызмет ету. Қарақан басын емес, ұлт дамуын ойлаған жандарды түбі бір идея біріктіреді. Кезінде Алаш қайраткерлерінің бір жерге жиналып, топтасуы - бір мүдде жолында жүргендіктен болды. Келешекке жоспар көп. Ғазымбек атам айтпақшы, «алдағы мақсат: келешек өміріміздің текке өтпеуі». Алаш тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ә. Бөкейхан атындағы Алаш ғылыми-зерттеу институты Алаш тақырыбында бірнеше кітап даярлап отыр. Ұлттық идеология тиісті деңгейде емес. Бізде әлеуеті мен қаражаты мықты топтардың әкелген идеологиялары алма-кезек ауысып жатыр.

  - Жаһандану кезеңінде жастардың ұлттық рухын сақтаудың жолдары қандай? Бізге не жетіспейді? Ұлттық идеология тиісті деңгейде ме?

Қазіргі Алаштың ізбасарлары - жаңа ғылымды игерген, ұлтын ойлайтын, патриот адамдар! Анау "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде оқып, елге оралып, өз білімін туған елінің мүддесіне жаратып, туған жерін дамытып жатқандар - Алаш ізбасарлары. Бір өзі бір институттың жұмысын атқарып, ұрандамай, тып-тыныш қана елге қалтқысыз қызмет етіп жатқандар - Алаш ізбасарлары. Істеген ісін айғайламай, ұрандатпай, үндемей жүріп, үлкен іс бітіріп жүргендер - Алаш ізбасарлары.

  - Жастар арасынан қандай теріс қылық байқайсыз? Көңіліңіз тола ма?

Жастар туралы айту қиын. Өйткені біз де осы санатқа енеміз. Z ұрпақ пен Альфа ұрпақтың арасы жер мен көктей сияқты көрінеді. Сондықтан да өзім көрген, күйінген басты қылықтар мен әдеттерді айтып өтсем. Біріншісі, үлкенді құрметтемеу. Көшенің ортасында үлкен кісілермен салғыласып, ұрысып тұрған жастарды көп көремін. Екіншісі, компьютерлік клубтарда сағаттап отыру. Өзіне берілген алтын уақытты құр босқа өткізбесе екен деймін.

  - Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы