Қаражатты қандай валютада сақтаған дұрыс? – Экономист кеңесі

13 Наурыз 2022, 15:00
6650
Бөлісу:
Қаражатты қандай валютада сақтаған дұрыс? – Экономист кеңесі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Экономист Мақсат Халық қаражатты қандай валютамен сақтау қажеттігі туралы кеңес берді.

Егер қолдарыңызда доллар болса солай тұра берсін, біразын еуро, теңгемен сақтаңыз. Депозиттен ақшаны шешкіңіз келсе бәрін емес, біраз бөлігін ғана алып қойыңыз, яғни қолма-қол ақшада болсын, – дейді сарапшы.

Сонымен қатар ол елдегі азық-түлік қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу қажеттігін айтады. Девальвация елдегі нан бағасына әсер етпеуі керек.

Қазір нанның бағасы өсіп жатқанын байқап отырмыз. Бірақ ол өспеуі керек. Теңгенің девальвация болғаны тек импорттық тауарларға әсер етеді. Ұнның 95 пайызы өзімізде өндіріледі, ол не үшін қымбаттау керек? Осы мәселеген мән беру қажет, – дейді экономист.

Оның айтуынша, Ресей мен Украина әлемдегі бидай экспортының 30%-ын құрайды екен. Дегенмен біздің елде бидай өнімдеріне тапшылық болатындай себеп жоқ.

Соғыс жағдайына байланысты бұл елдердің бидайы сыртқа шықпайтын болды. Оның ішінде РФ тамыз айына дейін бидай өнімдерін Орталық Азияға экспорттауға уақытша тыйым салды. Бірақ бұл бізде бидай таусылып қалады дегенді білдірмейді. Өзіміз де шетелге бидай экспорттаймыз, сондықтан Ресейден келетін 3,5 млн тонна бидайдың орнын өзіміз де қамтамасыз ете аламыз. Сондықтан осы жағына мән беріп, азық-түліктен қиындық болады дегенге ермеу қажет, – деді Мақсат Халық.

Сонымен қатар ол Ұлттық банк теңгенің рубльге байлануын тежегенін, енді теңге өз алдына жеке кеме ретінде жүзетігнін жеткізді.

Теңге рубльге қарағанда құнсыздана бастады, сондықтан Ресейден келетін тауарлар бізде қатты қымбат болмайды. Алайда, көптеген азаматтар Ресейден келетін тауарлар қымбаттайды дегенге сеніп жатыр. Солтүстік Қазақстанда Ресейден келетін сүт, ет өнімдері бүніннің өзінде қымбаттап жатыр. Бірақ бұл тауарлар рубльмен келеді, ал рубль құнсызданып жатыр, сондықтан бұл тауарлар белгілі дәрежеде арзанырақ болу керек. Осы мәселеге көңіл бөлуіміз қажет. Кәсіпкерлеріміз де Ресеймен доллар емес, рубльдік келісімге өту керек. Сонда тауарлар қатты қымбат болмайды, – деді ол.

Сөз арасында ол ұзақ мерзімге шыдайтын азық-түлік пен импорттық тауарларды  сатып алып қоюға кеңес берді.

Көбінде шеттен келетін импорттық тауарларды алып қоюға болады. Мәселен, гигеналық, тұрмыстық тауарлардың көбі бізге Ресей арқылы келген. Қазір ол жақтағы зауыттар жабылық кетіп қалды немесе шетелден де ала алмай отыр. Біздің кәсіпкерлер сол тауарды шетелден басқа арналар арқылы алып келгенше тапшылық болады,-дейді экономист.
 

Өзгелердің жаңалығы