Қаражатты пайдалану жөніндегі биометриялық сәйкестендіру іске қосылды

Бүгiн, 13:33
103
Бөлісу:
Қаражатты пайдалану жөніндегі биометриялық сәйкестендіру іске қосылды
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитеті пилоттық жоба шеңберінде 2024 жылғы ақпанда электрондық шот - фактураларды жазып беру кезінде биометриялық сәйкестендіруді іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биометриялық сәйкестендіруден электрондық шот - фактуралар жүйесінде тіркеу кезінде немесе салық төлеушіге биометриялық сәйкестендіруден өту қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін салық органының айқындалатын ТБЖ жағдайында өту қажет.

Компания басшысы немесе уәкілетті тұлға дербес компьютерде «ЭШФ» АЖ арқылы немесе мобильді қосымша арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

Пилоттық жоба компанияның қаржы шаруашылық қызметіне қатысы жоқ тұлғалардың ЭШФ жазып беру фактісін болдырмау мақсатында іске асырылады.

Биометриялық сәйкестендіру енгізілген сәттен бастап мыңнан астам бір күндік фирмалардың қызметі тоқтатылып, 1,2 мыңнан астам салық төлеуші биометриялық сәйкестендіруден өтпеді.

Сілтеме бойынша биометриялық сәйкестендіруден өту бойынша толық нұсқаулық  https://kst.kgd.gov.kz/ru/news/o-registracii-v-esf-s-primeneniem-biometricheskoy-identifikacii-12-141882.

Өзгелердің жаңалығы