Шапырашты тұрғын алабында жеке кәсіпкерлер есебінен спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. 1000 балаға лайықталып салынып жатқан әлеуметтік нысанның жоба құны 168 млн. теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спорт кешенінде балалар 5 спорт түрімен тегін айналысады. Нысанда жаттықтырушыларға арналған арнайы жатын бөлмелер қарастырылған. Барлық жағдай жасалған орында жаттықтырушылар отбасымен тұруға мүмкіндік алады.
Бұл жерде 40 соттық жерге салынп жатқан спорт комплекс. Мемлекет тарапынан ешқандай қаржы қарастырылмаған. Мұны соғып жатқан жердің иесі де, құрылыс жүргізіп жатқан тұлғалар да осы Шапырашты тұрғын алабының азаматтары. Біреуі жерін берсе, екіншісі құрылыс жүргізіп жатыр. Жалпы бұл жерде жеке инвестиция тартылған кәсіпкерлер есебінен, - дейді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов.
Спорт кешеніне Шапырашты, Сайрам, Өтеміс тұрғын алаптарының балалары келіп қатыса алады. Оларға, қазақ күресі, еркін күрес, дзюдо, каратэ, шағын футбол үйірмелері ұсынылады. Құрылысы қарашада басталған нысан тамыз айында ел игілігіне беріледі. Сондай-ақ кәсіпкерлер кешен жанынан жабық футбол алаңын салуды жоспарлап отыр.