Талдықорғанда білім бөлімі экс-басшысының денесі Қаратал өзені маңынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен демалыста Қаратал өзені маңынан Талдықорған қаласы білім бөлімі экс-басшысы Роза Барманованың денесі табылды.
Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
Аталған дерек қалалық полицияда ресми түрде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамаға сәйкес өлімнің нақты себебі анықталатын болады.
Еске салсақ, Роза Барманова қалалық білім бөлімін 2016-2022 жылдар аралығында басқарған болатын.