Қарасора-2022. 383 келі есірткі тәркіленді

20 Маусым 2022, 12:24
1488
Бөлісу:
Қарасора-2022. 383 келі есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Қазақстанда кең ауқымды «Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Операцияны Ішкі істер министрлігі жыл сайын 1 маусымнан 30 қазанға дейін жүргізеді. Операция басталғаннан бері 138 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 62-сі – есірткі өткізу, 15-і – аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау, 43-і – құрамында есірткі бар тыйым салынған өсімдіктерді өсіру және 10-ы есірткі контрабандасымен байланысты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Ведомство өкілінің айтуынша, заңсыз айналымнан 383 келі есірткі заты тәркіленген.  

Мәселен, Қарағанды облысының полиция қызметкерлері Жамбыл облысынан есірткі заттарын жеткізу арнасын жойды. Қылмыстық топтың 5 қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңсыз айналымнан 200 келі марихуана тәркіленді. Түркістан облысында жедел іс-шаралар өткізу барысында Сарыағаш ауданында 1 870 дана апиын көкнәрін заңсыз өсіру фактісі анықталды. Ал Қызылорда облысының полициясы 1 149 түп сора заңсыз өсірілген есірткі плантациясын анықтады. Сол жерде есірткіні заңсыз сақтағаны және өсіргені үшін бұрын бірнеше рет сотталған 50 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, - деп атап өтті Ішкі істер министрлігінің өкілі. 

Өзгелердің жаңалығы