Қарашығанақ өңір үшін маңызды жобалардың бірі – әкім

20 Мамыр 2022, 22:30
1398
Бөлісу:
Қарашығанақ өңір үшін маңызды жобалардың бірі – әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев «Shell» компаниясының вице-президенті Херман Бурмайстермен кездесті. 

Бұл туралы БҚО әкімдігінің бапасөз қызметі хабарлады.

Тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын пысықтады. Херман Бурмайстер Қазақстан «Shell» компаниясының стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны өңір үшін маңызды жобалардың бірі. Кен орнындағы компаниялардың әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясаты ең алдымен өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, кездесу барысында Батыс Қазақстан облысы мен «Shell» компаниясының арасында инвестициялар тарту, бірлескен жобаларды іске асыру бойынша мәселені қарады.

Өзгелердің жаңалығы