Қарашөкеев нан бағасын қалай тұрақтандыратынын жеткізді 

18 Қаңтар 2022, 09:56
1298
Бөлісу:
Қарашөкеев нан бағасын қалай тұрақтандыратынын жеткізді 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев  Үкімет отырысында айтты.

Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында биылдан бастап әлеуметтік нан өндіру үшін өңірлерге «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» өткізетін астық құнын субсидиялау енгізілді. Бұл тетік астықты ішкі нарыққа өткізу кезінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» сыртқы нарыққа өткізуден төмен бағада жүзеге асырады, - деді ол. 

Министр атағандай, қазіргі таңда корпорация арзандатылған астықты өңірлерге жеткізуге дайын. 

Ішкі нарықты азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында көктемгі-егіс жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу қажет. Облыстардың деректері бойынша 2022 жылы ауыл дақылдарын 22,9 млн гектар алаңға орналастыру жоспарланып отыр. Ол 2021 жылғы деңгейден 13 гектарға артық, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы