Қарақат Әбденнің кандидатурасы сәйкес деп танылды

11 Қазан 2022, 11:56
924
Бөлісу:
Қарақат Әбденнің кандидатурасы сәйкес деп танылды

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің кандидатурасы талаптарға сәйкес деп танылды. Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құзіретті органдардан келген мәліметтерге сай «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелуіне еш кедергі жоқ екені анықталды,-дейді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

Қарақат Әбден -танымал қоғам қайраткері, ҚР жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі,мәслихат депутаты.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, ол президент жанындағы әйел істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі ұлттық комиссияға мүше, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі, астана қоғамдық кеңесіне мүше. Одан бөлек, балалар үйі тәрбиеленушілеріне де жетекшілік етеді деп айтылады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өз кандидатурасын ұсынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы