Қарақат Әбден штаб өкілдерімен бірге Ақтөбенің орталық базарына барды

3 Қараша 2022, 19:18
1137
Бөлісу:
Қарақат Әбден штаб өкілдерімен бірге  Ақтөбенің орталық базарына барды

ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің Ақтөбе қаласындағы сайлауалды кездесулері жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін үміткер осы өңірдегі сайлауалды штабының өкілдерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстары бойынша жиын өткізді.

Ақтөбе қаласындағы сайлауалды штабына сайлаушылар сауалдары мен ұсыныстарын белсенді жолдауда. Бұл қуантарлық жағдай. Сондай-ақ халықаралық сайлау байқаушылары жолдаған сұрақтармен де жұмыс жүргізілуде. Жалпы, ел өңірлерінде 20 штаб жұмыс істейді, 2000 жуық ерікті жұмылдырылған. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін үлкен аудандық орталықтарда да штабтар ашылған, - деп мәлімдеді Қ.Әбден.

Бұдан бөлек, бұқараның барлық өкілдерін қамту үшін Қарақат Әбден өңірлік штаб өкілдерімен бірге халық көп шоғырланған орталық базарға барып, сайлаушылармен жүздесті. Кездесу барысында Қ:Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тұстарына тоқталып, 20 қараша күні болатын сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Халық тарапынан көтерілген сұрақтарды дені әлеуметтік салаға қатысты болды. Үміткердің бұл кездесуі қалың бұқараның оң бағасын алып, кеңінен қолдау тапты.

Еске салсақ, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз, Семей, Павлодар, Талғар, Есік қалаларының тұрғындарымен сайлауалды жиындарды өткізді. Алдағы уақытта оның Қызылорда, Ұлытау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысы сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.

Өзгелердің жаңалығы