Қарақат Әбден Хэллоуинді тойлауға тыйым салуды талап етті

2 Қараша 2022, 12:14
1021
Бөлісу:
Қарақат Әбден Хэллоуинді тойлауға тыйым салуды талап етті

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден жастарды Хэллоуин мерекесін тойламауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сеулде болған оқиғадан баршаңыз хабардар шығарсыздар. 150-ден астам адамның қайтыс болғаны – өте қайғылы жайт. Оның ішінде, өзіміздің қазақтың қаршадай ғана қызы бар екен. Ата-анасы бекем болсын. Өзіміздің ұлттық құндылықтарымызға, салт-дәстүрге қарсы болатын мерекелердің не керегі бар? – деп атап өтті Қарақат Әбден. 

Айтуынша, өзі де еліміздегі осы жат дәстүрге еліткен қаракөздерді бетпе-бет кездестірген.    

Кеше ғана Алматыда көшеде ұлы бар, қызы бар, алдымнан бір топ жас шықты. Көздерін бояп, түрлерін құбыжық кейпіне ұқсатып алған өте қорқынышты көрініс. Қарап шошисың. Бұл не деген сұмдық! Хэллоуин сияқты мерекелердің бәріне заңды түрде тыйым салу керек. Себебі қазақ еліне жастардың миын уландыратын мереке керек емес. Осы бастан балаларымыздың дұрыс тәрбиеленуіне көңіл бөліп, ойлануымыз қажет. Салтымызды білетін, дәстүрге балалар басқа жат нәрсеге еліктегіш болып өспейді. Өзіміздің дәстүрімізді құрметтейік, мерекелерімізді насихаттайық, - деді қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы