Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 26,8 млрд теңгенің 66 жобасына қолдау көрсетілді.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мәліметінше, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының портфелі облыста өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 261 жобадан тұрады.
«Қарапайым заттар экономикасы» - тұрғындар күн сайын пайдаланатын тамақ өнімдерімен өнеркәсіптік тауарлар өндірісін дамыту.
«Өңірде «Даму» қоры – банктердің кәсіпкерлерге беретін кредиттері бойынша қаржылық қолдау операторы. Ол кәсіпкерлердің кредиттер бойынша сыйақы төлеу жөніндегі шығындарын субсидиялайды. Сондай-ақ кәсіпкерлердің меншікті кепіл мүлкі жетпейтін кредиттер бойынша банктер үшін кепілгер болады. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі 15 пайыздан аспайды, оның 9%-ын мемлекет субсидиялайды, бұл кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлемені 6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Демек, бизнеске жүктемені айтарлықтай азайтады, - деді дейді «Даму» қоры өңірлік филиалының директоры Мәди Рымжанов.
Субсидиялау мерзімі – 10 жылға дейін. 2019 жылдан бастап өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша жалпы сомасы 26,8 млрд теңге болатын 66 жобаға қолдау көрсетілді.
Оның ішінде 27 жоба бойынша банктердің пайдасына кепілдіктер берілді. «Даму» қоры кредиттерді субсидиялауға және кепілдендіруге арналған өтінімдерді еgov.kz және Online Damu электронды үкімет платформалары арқылы қарайды. Осы бағдарлама бойынша толық ақпаратты damu.kz сайтынан немесе қордың Көкшетау қаласындағы филиалынан алуға болады», – дейді «Даму» қоры өңірлік филиалының директоры Мәди Рымжанов.
Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындардың бірі – «Kokshe Building Service» ЖШС. 2013 жылдың шілдесінде кәсіпорын жаңа бетон зауытын іске қосты. 2020 жылдың қазанында компания жұмыс істеп тұрған үй құрылысы комбинатын сатып алып, өндіріс шекарасын кеңейтіп, дайын өнім шығару спектрін ұлғайтты. Жобаны іске асыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қорымен қаржыландырылды.
Бүгінгі таңда зауыттауарлық темір бетон бұйымдарын, тұрғын үйлердің құрылысын қамтамасыз ететін ірі панельді үй құрылысын жүргізуде. Өнімнің негізгі тұтынушылары – Петропавл, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Семей қалаларының және Ақмола облысының тұрғындары. Өнім «Халал» стандарттары бойынша сертификатталған.
«Көкше құс» сауда белгісімен шығарылған «Blic Terminal» ЖШС өнімдері өңір тұрғындарына ғана емес, одан тыс жерлерге де танымал. Құс фабрикасы Зеренді ауданының Гранитный ауылына жақын жерде салынды.
Бағдарлама қолданыла бастағаннан бері бірнеше өзгерістер мен толықтырулардан өтіп, жеке кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастағандар үшін де қолжетімді бола бастады. Жобаның іске асырылуын мониторингілеу, оған бизнестің назарын аудару үшін «Атамекен» ҰКП базасында «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Оған ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының, мемлекеттік сатып алу жөніндегі, «Даму» қоры филиалдарының, «Аграрлық кредиттік корпорация» және екінші деңгейлі банк өкілдері кірді. Кәсіпкерлердің жобалары бизнес-жоспарды әзірлеу сатысынан қаржыландыруға дейін сүйемелденеді, мониторинг жүргізіледі, банктердің кредит беруден бас тарту себептері анықталады, – дейді Мәди Рымжанов.