Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең 11 маусымда сенбілік өтеді. Бұл жолы қарағандылықтар Пришахтинскідегі орман ішін тазалайды.
Келушілерге көлік ұйымдастырылып, қажет құралдар беріледі.
Біз қоқысты бөлек жинап, оны қайта өңдеуге тапсыра отырып, орман отырғызудағы сенбілікке қатысуға шақырамыз. Іс-шара Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша және қолдауымен "Бөл, тапсыр, ұқсат!" жобасы аясында ұйымдастырылды. Біз автобус, сөмкелер, қолғаптар, ауыз су, тәттілер қамтамасыз етеміз, кәсіби фотограф, белсенді ойындар мен музыка, сонымен қатар сыйлықтары бар эковикторина болады. Ортақ қаламызды таза және әдемі етейік!, - деді сенбілікті ұйымдастырушылар.