Қарағандылық зейнеткерлердің атынан несие алған 23 алаяқ ұсталды

10 Шілде 2023, 11:31
883
Бөлісу:
Қарағандылық зейнеткерлердің атынан несие алған 23 алаяқ ұсталды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Зейнеткерлерді екі ай бойы алдап соққан қарағандылық 23 алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Қаланың белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 400-ден астам зейнеткерлермен түрлі алаяқтықтың алдын алу бойынша кездесу өтті.

Егде жастағы адамдарға ертеден мәлім алаяқтық түрілері бұрынғыдан да өсе түскені туралы айтылды. Алаяқтар көбіне азаматтарды үй телефондарына шақырып, олардың туыстары апатқа кінәлі болғанын, сол үшін жазаға тартылатынын хабарлайды. Оны қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін шұғыл түрде төлем жасау қажеттігін айтады. Мәселен, сәуір және мамыр айларында облыстық полиция департаменті осындай алаяқтықтың 61 фактісін тіркеді, оның 35-і ашылды. Осындай қылмыс жасағаны үшін қабылданған шаралардың арқасында 23 адам ұсталды, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Айтуынша, тәртіп сақшылары жәбірленушілер негізінен қарт адамдар болғанын айтқан.

Оларға мұндай әңгімелер өрби бастаған кезде дереу тоқтатып, полицияға хабарласуға кеңес берді. Зейнеткерлерге алаяқтықтың басқа да түрлері туралы естеріне салды, атап айтқанда, алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады және әртүрлі сылтаулармен – шот бойынша күдікті операциялар, несие рәсімдеу сынды түрлерін ұсынып, шоттардан ақша ұрлап әкететін «AnyDesk», «TeamViewer» тыңшылық қосымшаларын орнатуға, сондай-ақ SMS-парольдер, банк карталарының CVV кодын хабарлауға сендіретінін қайыра бір еске салды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы