Қарағандылық тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25 маусым күні сағат 21:30-да белгісіз азамат Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Өз-өзіне қол салмақ болған азаматты сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полиция жасағына берді, - делінген Полиция таратқан ақпаратта.
Полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс бастады.
Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген соң барған.