Қарағандылық Алан Құрманғалиев Линьянода (Италия) өткен WTA Youth contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде III орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Үстел теннисі федерациясының мәліметінше, 17 жас санатында ол француздық Томас Ларошты, испан спортшысы Фонта Даниелді, Франческа Карьеруді, Чех ренисшісі Мартина Ратажский мен Мартина Вайглды жеңді. Ал жартылай финалда франциялық Натан Пилардқа 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Спортшыны Эльмира Алиева жаттықтырады.
Естеріңізге сала кетейік, жақында қарағандылық Венгриядағы үстел теннисі турнирінің екі дүркін жүлдегері атанды. Яғни күміс пен қола медальды қатар қанжығалады.