Қарағандылық құтқарушылар су тасқынына қарсы күресте Солтүстік Қазақстан облысына көмекке кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылатын болады.
Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының жетпіс адамы, 11 бірлік техника, 6 жүзу құралы және 27 су айдау құралы СҚО-ға жіберілді.
Құтқарушылар межелі жерге әлі жеткен жоқ. Олар өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қажетті көмек көрсетеді. Еріген суды сорып, траншеялар салып, қап дайындап, бөгеттерді нығайтатын болады, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында өткен аптада су тасқыны тұрақталды. Аймақ үлкен шығындарсыз су тасқыны кезеңінен өте алды.