Қарағандылық құтқарушылар СҚО мен БҚО-да су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Аталған облыстардың аумағында болған уақытында олар төрт жүзге жуық адамды және жеті жүзден астам бас малды құтқарып, эвакуациялады, - деп атап өтті ведомстводан.
Сондай-ақ олар ұзындығы 9000 метр су бұру бөгеттерін тұрғызды. 34 мыңға жуық инертті материал салынған қаптар төселді.