Қарағандылық қазақ тілін үйренуге арналған мобильдік қосымша әзірледі

19 Қазан 2022, 13:12
1202
Бөлісу:
Қарағандылық қазақ тілін үйренуге арналған мобильдік қосымша әзірледі

Қарағандылық Айжан Хасенова қазақ тілін үйренуге арналған Aıtý мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір ол iOS платформасына негізделген смартфон пайдаланушыларына қол жетімді.

Қарағандылық қазақ тілін үйренуге арналған мобильдік қосымша әзірледі

Айжан Хасенова – академик Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің түлегі. Ол университетті "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша бітірген.

Мен әрқашан техникалық ғылымға бейім болдым, сондықтан мен бұл мамандықты таңдадым. Бұған дейін Қазақстан Республикасының ақпараттық технологияларды дамыту қауымдастығында жұмыс істегенмін. Қазір – Android және iOS қосымшаларын инди - әзірлеушілер тобындамын, – деді Айжан.

Қарағандылық қазақ тілін үйренуге арналған мобильдік қосымша әзірледі

Айжан – 20-ға жуық қосымшаның frontend-әзірлеушісі. Олардың ішінде ағылшын, испан, француз тілдерін үйренуге арналған қосымшалар бар. Олардың әрқайсысын 15 мыңға жуық адам пайдаланады.

Қазақ тілін үйренуге арналған қосымшаны құру идеясы өзімнің өмірлік тәжірибемнен туындады. Мен орыс тілінде сөйлейтін қазақпын, өкінішке орай, мемлекеттік тілді жетік білмеймін. Мен арнайы курстарға бардым, бірақ олар маған бастапқы деңгейден тыс ештеңе бермеді. Сонымен қатар, жұмыс пен кішкентай балама байланысты мен оқуды жалғастыра алмадым. Сондықтан адамдар оны жұмыстан қол үзбей және кез келген жерде пайдалана алатындай етіп осындай қосымша жасауды шештім, – дейді Айжан.

Aıtý қосымшасы сөздік қорын кеңейтуге бағытталған, сонымен қатар күнделікті сөйлеу тілінің тәжірибесіне сәйкес келеді. Қазір iOS қосымшасының жұмыс нұсқасы дайын-оны 1000-ға жуық адам қолданады.

Қарағандылық қазақ тілін үйренуге арналған мобильдік қосымша әзірледі

Әзірлеуді қаржыландыру Zhas Project-тен миллион теңге көлемінде өтеусіз грант есебінен жүргізілді. Сондай-ақ, Айжан "Террикон алқабы" стартаптарының инкубаторынан өтеусіз грант – 400 мың теңге ұтып алды. Ол бұл қаражатты Aıtý қосымшасын маркетингтік ілгерілету үшін пайдаланады.

Zhas Project қаржыландыру бағдарламасы аясында қолданба пайдаланушылар үшін, оның ішінде кіріктірілген жарнамасыз толығымен тегін болады, - деп атап өтті Айжан. – Кейін Aıtý-ді қолдау үшін қосымша ақылы функциялар қосылады, бірақ негізгі функционалдылық ақысыз болып қалады. Әзірге бағдарлама тек iOS қолданушыларына арналған. Мен қазір стартап стратегиясын өзгерту бағытында жұмыс істеп жатырмын.

Жақында Айжан өз жобасын Astana Hub Battle-де таныстырды. Ұйымдастырушылар жартылай финал үшін Орталық Азияның 15 елінен топ-100 стартапты таңдады (300 өтінімнің ішінен).

Қарағандылық қазақ тілін үйренуге арналған мобильдік қосымша әзірледі

Айжан Хасенова сонымен қатар Tech Orda бағдарламасы бойынша Компьютерлік академияда "NET көмегімен Web-қосымшаларды әзірлеу" бағыты бойынша білім алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы