Қарағандылық фермер 17 жылқыны атып тастады

28 қыркүйекте Заречное ауылының маңында даладан оқ тиген 17 жылқы табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 видеодан скриншот 10 Қазан 2025 2025, 09:42
10 Қазан 2025 2025, 09:42
1585
Фото: видеодан скриншот

28 қыркүйекте Заречное ауылының маңында оқ тиген 17 жылқы табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті фермер көлікпен жылқыларды қуып жүріп, оларға оқ атқан. Жылқыларды қырып салған күдікті жердің иесі екені анықталды.

Басқа адамның мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 53 жастағы Нұра ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада ұрланған малды сойып, етін сатып жіберген қылмыстық топ ұсталғанын хабарладық.

Наверх