Қарағандылық дәрігерлер ауыр дертке шалдыққан нәрестеге ота жасады

30 Сәуір 2024, 19:19
459
Бөлісу:
Қарағандылық дәрігерлер ауыр дертке шалдыққан нәрестеге ота жасады
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Облыстық балалар клиникалық ауруханасының көшпелі бригадасы бірнеше сағат бұрын ғана дүниеге келген нәрестеге ота жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа туған нәресте туа біткен күрделі дерт – гастрошизиспен дүниеге келді.

Жатырішілік кезеңде шақалақтың бүкіл ішегі ақтарылып, ағзасының кей бөлігі дамымай қалғаны анықталды. Жүкті әйел перзентханаға түскен кезде бригада хирургиялық операция жасауға дайын болды.

Бала туылғаннан кейін бірден Қарағанды қаласының № 2 Перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Операция алдындағы дайындық пен қосымша тексеруден кейін жаңа туған нәрестеге дүниеге келген соң алғашқы сағаттарында операция жасалады: ішекері іш қуысына қайта енгізіледі, іштің алдыңғы ақауы пластикалық тәсілмен жабылды. Мұндай даму аномалиясы гастрошизис деп аталады. Ондай дерті бар жаңа туған нәрестелер мамандандырылған стационар жағдайында өмірінің алғашқы 6–12 сағатында шұғыл хирургиялық ем қолдануды қажет етеді, өйткені ішек ілмектері арасындағы жабысу тез басталады және эвентерленген органдардың инфекция жұқтыру қаупі күрт артады. Соңғы 2 жылда ОБКА хирургтары гастрошизис дертіне шалдыққан 5 нәрестеге сәтті операция жасады, – деді облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері.

Жылжымалы операциялық топ 2017 жылы перзентханаларда жаңа туған нәрестелерге өмірдің алғашқы күнінде шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін құрылды. Оның құрамында неонатальды хирургтар, анестезиолог, операциялық медбикелер бар. Осындай көмектің арқасында жаңа туған нәрестені стационардан стационарға тасымалдаудың қажеті болмайды, ал операция жасаған сәбилерді күтумен Қарағанды облысының перинаталдық орталықтарының кәсіби неонатологтары айналысады. Бригада туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру көрсеткішін 48%-дан 89%-ға дейін көтерді.

Өзгелердің жаңалығы