Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Аманат» партиясының ғимаратында Қарағанды қаласы әкімінің «NUR QADAM 2022» премиясының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іс-шараға қатысушылар өз резюмелерін биылғы жылдың желтоқсан айынан түрлі ұйымдардан тапсырған болатын. Комиссия конкурсқа қатысқан лауреаттарды іріктеуде келесі критерийлерді басшылыққа алды: «Жас қызметкер», «Отан қорғаушы», «Жас педагог», «Жас медицина қызметкері», «Жас волонтер», «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жас спортшы».
Қорытындылай келе, өзгеден алға ұмтылып, өз ісінің маманы және ісін жаңғырту жолында жыл басынан аянбай еңбек етіп, елеулі дәрежеге жеткізіп, «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинацияның жеңімпазы болып Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Горизанов Владислав Владимирович атанды. Ұландық әкім грамотасымен марапатталып, 300 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Айта кетейлік, Владислав Горизанов атаулы конкурсқа жыл сайын қатысып тұрады. Әскери қызметші тек әскери саладағы конкурстар қатысушысы ғана емес, қоғамн жастары арасында да қалалық, облыстық, мемлекеттік іс-шаралардың лауреаты ретінлде өңірге танымал.