Қарағандыдыда референдумды қоғамдық қолдау мақсатында кездесу өтті

25 Мамыр 2022, 17:30
1522
Бөлісу:
Қарағандыдыда референдумды қоғамдық қолдау мақсатында кездесу өтті
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 25 мамыр күні Қарағанды қаласының Достық үйінде аймақтағы жастар ұйымдарының көшбасшылары мен қоғам белсенділері кездесті. 

Жиын Референдумды қоғамдық қолдаудың Республикалық штабының қызметі шеңберінде өткізілді. Шара «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған.

Қарағандыдыда референдумды қоғамдық қолдау мақсатында кездесу өтті

Кездесу барысында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев сөз алып, референдум жайлы өз пікірін айтты.

Қазіргі уақытта референдум өткізудің маңыздылығы қоғамның барлық санаттарына саяси реформаларды жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік береді.  Бұл құралды біздің жастарымыз толық пайдалануы керек. Жаңа Қазақстан бұл жай ғана ұран емес , біз үшін бұл жаңа қоғам құру қағидаты. Жаңа Қазақстан бізге жаңа мүмкіндіктер ашады, қазіргі жағдайда жастар қоғамдық- саяси процестерге қатысудың жаңа деңгейіне шығып, өзекті мәселелерді шешу алаңын пайдалана алады, – деді төраға сөзінде.

Жиында облыстық жастар ұйымдарының көшбасшылары референдум өткізу мен Ата заңымызға енетін өзгерістер жайлы пікір алмасты.Кездесуге қатысушылар реформаны іске асыру жолында аймақ жастары белсене атсалысып, еліміздегі өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге тырысатындарын жеткізді.

Қарағандыдыда референдумды қоғамдық қолдау мақсатында кездесу өтті

Кездесу барысында сөз алған ҚХА жастар ұйымының өңірлік өкілдігінің көшбасшысы Александр Урмашов Қарағанды облысы бойынша аймақтық «Ассамблея жастары» ұйымы өңір жастарымен белсенді жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында референдум өткізілетіні туралы жариялаған болатын. Референдумды қоғамдық қолдаудың Республикалық штабының құрамына «Ассамблея жастары» РҚБ (республикалық қоғамдық бірлестігі) да кірген болатын. Қарағанды облысы бойынша аймақтық «Ассамблея жастары» ұйымы өңір жастарымен белсенді жұмыс атқаруда. Ұйым бүгінде ЖОО студенттері, жастар қанаты, этно-мәдени бірлестіктері мен белсенді жастармен  бірлесіп аймақ жұртшылығына референдум жайлы ақпарат таратуда. Қазірдің өзінде ұйым бірнеше жобаларды қолға алды, оның қатарында: «Еріктілер Лигасы», «Дебат Лигасы» және «Біз-біргеміз!» қоғамдық жобалары іске асуда, – деді шара ұйымдастырушысы.

Сонымен қатар кездесу барысында қатысушылар «Ассамблея жстары» ұйымының #МенРеферендумғаБарамын хэштегін іске қосуды қолдады. Алдағы уақытта осы хэштегпен аймақ жастарына әлеуметтік желіде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. 

Қарағандыдыда референдумды қоғамдық қолдау мақсатында кездесу өтті

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев, ҚХА мүшесі және жастар ұйымының өңірлік өкілдігінің көшбасшысы Александр Урмашов және жастар ұйымдары мен этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының көшбасшылары қатысты. Кездесу соңында қатысушылар алдағы күндері өңір жастарымен бірлесе жұмыс атқарып, референдумды қоғамдық қолдауға атсалысатындарын жеткізді.

Қарағандыдыда референдумды қоғамдық қолдау мақсатында кездесу өтті
Өзгелердің жаңалығы