Қарағандыдағы жәрмеңкеде 2500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

31 Шілде 2023, 14:18
668
Бөлісу:
Қарағандыдағы жәрмеңкеде 2500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды
PHOTO
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағандыда жастарға арналған кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы ол ашық ауада – орталық саябақтағы алаңда өтті. Өздеріне қажетті қызметкерлерді жеке фирмалар мен ірі компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар іздеді.

Облыстың түкпір-түкпірінен 80-нен астам жұмыс беруші қатысты. Әр түрлі салада 2500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Қарағандыдағы жәрмеңкеде 2500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

Жастар үшін арнайы "Мүмкіндіктер аумағы" атты облыстық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткіземіз. Университеттер мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға дайын жұмыс берушілерді шақырдық. Техникалық мамандықтар бойынша көптеген бос орын бар. Ауыл шаруашылығы үшін жұмысшылар қажет, – дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар.

Оның айтуынша, жәрмеңкеде 300 мың теңгеге дейін және одан жоғары жалақы алатын жұмыс табуға болады.

Сұранысқа ие жұмысшылар арасында машинистер, газ-электр дәнекерлеушілер, автобустар мен ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері бар.

"Шұбаркөл көмір" компаниясына шұғыл түрде: тепловоз машинистері мен олардың көмекшілері, теміржол вагондарын өңдеу бойынша тау-кен жұмысшылары, таразышылар, зертханашылар және басқа да мамандар қажет.

Қарағандыдағы жәрмеңкеде 2500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

Фермерлер де жәрмеңкеге қызметкерлер іздеп келді.

Біз бірнеше жас мамандарды қабылдадық. Қосымша тағы да қажет, механизаторлар мен слесарлар қажет. Біздің техника заманауи, шетелде өндірілген, компьютер арқылы басқарылады. Келген қызметкерлер үшін жатақхана бар, – дейді Абай ауданының "Поливное" ФК менеджері Вахит Ясызов.

Ауылдарда да, қалаларда да мұғалімдер мен дәрігерлер қажет.

Жәрмеңкеде өз ісін ашу мүмкіндіктері туралы да айтылды. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы "Даму" қоры, "Аграрлық несие корпорациясы" секілді даму институттарының өкілдері кеңес берді.

Ауыл шаруашылығы, өнім шығару, қолөнер және т. б. салаларда табысты бизнес-жобалар ұсынылды.

Қарағандыдағы жәрмеңкеде 2500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, Қарағанды облысында жарты жыл ішінде 22 мың адам жұмыспен қамтудың түрлі шараларымен қамтылған. Бұл тұрақты жұмыспен қамту, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және т. б. "Бірінші жұмыс орны" бағдарламасы Облыстың 139 жас тұрғынына көмектесті.

Өзгелердің жаңалығы