Бүгін сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Сегіз жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіпорынның баспасөз қызметі №1 пеште кенеттен жалын шыққанын нақтылайды.
Қазіргі уақытта зардап шеккен барлық жұмысшы ауруханада, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – деп хабарлады YDD корпорациясы.
Компания зардап шеккендерге барлық көмек көрсетілетінін әрі ауруханамен тұрақты байланыста екендерін де жеткізді.