Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, үш адам эвакуацияланды

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 23:55
Кеше 2026, 23:55
84
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы Крылов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тілсіз жау үй ішіндегі тұрмыстық заттар, жиһаз, пластикалық терезе блогы мен балконның ағаш құрылымдарын шарпып, жалпы 10 шаршы метр аумақты қамтыды. 

ТЖМ күштері оқиға орнына жедел жетіп, баспалдақ арқылы 3 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жалын оқшауланып, көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрт қысқа уақытта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Наверх