Оқиға қаңтардың 8-нен 9-ына қараған түні болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндірушілер келгенше 2017 және 2015 жылғы екі бала өздігінен шығып үлгерген. Олар ауруханаға көмірқышқыл газымен улану диагнозымен жеткізілді.
Құтқарушылар денесі күйіп қалған 1964 жылғы әйелді алып шықты. Өкінішке қарай, өрт орнынан 2020 және 2022 жылғы екі баланың денесі табылды.
Өрттің алдын-ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. ТЖМ күштерімен жалпы ауданы 50 ш.м. ауданда болған өрт толығымен сөдірілді. Қылмыстық іс қозғалды және сараптама тағайындалды.