Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда төрт қабатты ғимараттың бір бөлігі құлап, 15 адам эвакуацияланды

29 Шілде 2025, 17:51
720
Бөлісу:
 ТЖД
Фото: ТЖД

Қарағанды қаласында Қазыбек би мен Ерубаев көшелерінің қиылысында төтенше жағдай болды. Пайдаланылмай тұрған төрт қабатты ғимараттың қызметтік құрылымдары шамамен 150 шаршы метр аумақта опырылып түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға кезінде ғимарат ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 15 жұмысшы болған.

Қарағанды облысы ТЖД күшімен оқиға орнынан ғимаратта болған жөндеу бригадасының мүшелері - 15 адам эвакуацияланды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға аймағы қоршалған, құрылымдарды қосымша тексеру және құлау себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

 

Өзгелердің жаңалығы