Қарағандыда тек әйелдер қызмет ететін полиция бөлімі ашылды

9 Қазан 2023, 13:55
935
Бөлісу:
Қарағандыда тек әйелдер қызмет ететін полиция бөлімі ашылды
PHOTO
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағандыда отбасына көмек көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тек әйелдер қызмет ететін полиция бөлімі. Өткізу пунктінің орнына ресепшн. Күңгірт түстерсіз – интерьерде жасыл және қызғылт сары түстер қолданылған. Қарағанды облысында пилоттық тәртіпте республикада тұңғыш Отбасына көмек көрсету орталығы ашылды.

Қарағандыда тек әйелдер қызмет ететін полиция бөлімі ашылды

Жаңа полиция бөлімшесін өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа таныстырды.

Біз Қазақстанда отбасына көмек көрсетудің алғашқы бірыңғай орталығын құрдық. Облыс әкімдігінің қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Идея мынада: полиция органдарына отбасылық жанжалдар, төбелескіштер туралы хабарламалар келіп түседі, біз мәлімдемелер бойынша жұмыс жүргіземіз, бірақ жәбірленушілер тек құқықтық көмекке ғана емес, әлеуметтік, психологиялық көмекке де мұқтаж. Біз мұның бәрін біріктірдік. Орталық бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Мұнда полициядан, заңгерлерден, психологтан, сот орындаушысынан, теологтан және еріктілерден көмек алуға болады. Сондай-ақ, медиатор, дағдарыс орталықтарының өкілдері бар, - деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Исмағұлов.

Қарағандыда тек әйелдер қызмет ететін полиция бөлімі ашылды

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің жаңа әдістерін енгізу кезінде халықаралық тәжірибе ескерілді.

Отбасына көмек көрсету орталығын көп жыл бойы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспектор болып жұмыс істеген Гүлбану Сәтбаева басқарды.

Эксперименталды түрде әйелдер полиция бөлімшесі құрылды. Оның құрамына тергеуші, ювеналды және көші-қон полициясының инспекторлары, есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі жедел уәкіл, пробация қызметінің өкілі және т.б. кірді. Бір ерекшілігі – қызметкерлердің барлығы әйелдер. Осылайша, қарым-қатынасты мүмкіндігінше сенімді етуге тырыспақ.

Қарағандыда тек әйелдер қызмет ететін полиция бөлімі ашылды

Орталық барлық қажетті затпен жабдықталған. Қызметкерлер жедел ақпаратқа қол жеткізуі үшін құқық қорғау органдарының ведомстволық базаларына қосылған.

Әлеуметтік блокта көптеген мәселелер қарастырылған. Мұнда инклюзия, қорғаншылық және қамқоршылық мамандары жұмыс істейді. Келішілер психологтың көмегін ала алады. Тіпті қаржылық кеңесші бар, ол отбасылық бюджетті дұрыс бөлу туралы және интернет-алаяқтардың айла-амалдарына қалай түспеу керектігін айтады.

Қарағандыда тек әйелдер қызмет ететін полиция бөлімі ашылды

Орталықтың жұмысындағы ең маңызды нәрсе – ол азаматтық қоғамның, жергілікті атқарушы органдар мен полицияның үздіксіз өзара іс-қимылының көпіріне айналуы тиіс, деп атап өтті жоба бастамашылары. Түпкі мақсат – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды азайту.

Қарағандыда тек әйелдер қызмет ететін полиция бөлімі ашылды

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне түзетулер күшіне енді, оған сәйкес отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді.

Отбасына көмек көрсету орталығы Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайында орналасқан.

Қарағандыда тек әйелдер қызмет ететін полиция бөлімі ашылды
Өзгелердің жаңалығы