Қарағандыда "Таза жағалау" акциясы өтеді

24 Шілде 2024, 19:05
509
Бөлісу:
Қарағандыда "Таза жағалау" акциясы өтеді
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағандыда "Таза Қазақстан" аясында 27 шілдеде "Таза жағалау" экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

"Таза жағалау" акциясы Федоров су қоймасының қалалық жағажайында өтеді.

Барлығын қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптармен және сөмкелермен қамтамасыз етеміз. Біз осындай акцияны Кіші Бұқпада өткізіп, 100 қап қоқыс шығардық, – деді Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Шахназар Сейтімов.

Естеріңізге сала кетейік, су айдындарының жағалауларын тазарту "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы