Қарағанды қаласында такси жүргізушісінің кәмелетке толмаған баланы анасынсыз, жалғыз өзін алып кеткен оқиғасына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ирина Киселева хабарлады.
Оның айтуынша, осы факті бойынша тексеруді Киров полиция бөлімінің қызметкерлері қолға алған. Материалдар облыстық полиция мен прокуратураның бақылауында.
Такси жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабының 2-бөлігі және 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылған.
Бала мен оның анасымен байланыстамын. Жағдай бақылауда. Мұндай оқиғалар балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік ережелерін және заң нормаларын қатаң сақтаудың маңызын көрсетеді, — деді Ирина Киселева.