Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда №88 жалпы білім беретін мектеп базасында бесінші облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ашылды.
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Онда мамандар ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды тексереді.
Орталықта пандустар орнатылған, табалдырықтар жоқ, келушілер үшін тактильді жолдар мен тұтқалар жабдықталған.
ПМПК – бұл арнайы білім беру ұйымы, онда мамандар балаларды тексереді және кеңес береді, білім беру қажеттіліктері мен оларды жүзеге асыру жағдайларын бағалайды. Ата-аналар психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға дербес немесе денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау мекемелерінің жолдамасы бойынша malahit24.kz платформасы арқылы жүгіне алады. Баланың дамуының қазіргі деңгейін зерттеп, анықтағаннан кейін оның білім беру бағыты айқандалады. Яғни, одан әрі оқуға қайда баруға болатыны немесе оған қай жерде көмек көрсетуге болатынын айтады. ПМПК қорытындысы ұсынымдық болып табылады, – дейді білім басқармасының бас маманы Людмила Гавриленко.
Жаңа орталықта қажетті жабдықтар бар және ерте, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кабинеттерде балаларды тексеру және кеңес беру үшін заманауи диагностикалық әдістемелер қолданылады. Жылына мыңға жуық бала тексеріліп, кеңес ала алады. Жалпы, психологиялық-медициналық-педагогикалық қызмет Әлихан Бөкейхан ауданында тұратын 60 мың балаға есептелген.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қарағанды облысында 400 мыңнан астам бала бар, оның 14 091-і ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.
Егер балалар санын ескеретін болсақ, біздің өңірде сегіз ПМПК болуы тиіс. Бүгін біз бесіншісін аштық, әділет органдарында тіркелу барысында алтыншы орталық бар. Ол Шахтинск қаласында жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, 2023 жылы Майқұдықта жетінші ПМПК ашу жоспарда бар. Біз қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік қызметтерді құру бағыты бойынша жүреміз. Алайда сегізінші орталықты ашпаймыз, өйткені "Орбита" шағын ауданында 09:00-ден 18:30-ға дейін балаларға қызмет көрсететін екі қызмет жұмыс істейді. Осы консультациялардың ашылуы балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық қызметке деген барлық қажеттілігін жабады, – деп толықтырды Людмила Гавриленко.
Жаңа орталық Қарағанды қ., Мұстафин к-сі, 28 құрылыс мекен-жайы бойынша орналасқан.